$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да ана мен бала ұйықтап жатқан үйді біреулер өртеп жіберген

4 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында өрт сөндірушілер ана мен баланы өрттен аман алып қалды деп жазады 365info.kz.

Белоусов ауылындағы Горный көшесінде орналасқан жер үй таңға жақын сағат 4.00 кезінде өртенген. Өрт сөндірушілерді көршілері шақыртқан деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдалар департаменті.

Құтқарушылар келгенше үй қызыл жалынға ораныпты. Олар ғимаратқа терезе арқылы кіріп, ұйықтап жатқан 34 жастағы әйел мен оның 10 жасар баласын аман-есен алып шықты. Бірден жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткен.

Қазір қызметкерлер өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Айтуларынша, белгісіз біреулер үйді қасақана өртеп кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары