$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары лай суға жуынуға мәжбүр (ВИДЕО)

Атырау облысы Махамбет ауданындағы Береке ауылының тұрғындары лай суға жуынуға мәжбүр. Жергілікті тұрғын судың былғанғаны былай тұрсын, иісі де сасып кеткенін айтып, билік өкілдеріне видеоүндеу жолдады.

Аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.

«Сәлеметсіз бе! Мына жағдайды басқа қайда барып айтарымды білмеймін. Өйткені біздің суға жекеменшік компания жауап береді. Екі ай болды, судың түсі өзгермей келеді. Тағы сасық иіс шығады. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Бұл Береке ауылы», - дейді Береке ауылының тұрғыны.

Аталған видеоға пікір қалдырған жергілікті тұрғындар ауылдағы судың түсі былтыр да өзгергенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары