Астанадағы мектептердің бірінде оқушылардың түскі асына суға жібітілген және қатқан нан берген. Бұл жағдайды телефон камерасына түсіріп алған куәгерлердің бірі видеоны WhatsApp желісі арқылы таратты. Артынша бейнекадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.
Видео авторының айтуынша, мектеп асханасы оқушыларға суға жібітілген және қатып қалған нан береді екен. Бұл Астана қаласындағы №65 мектептің асханасы дейді ол.
«Тендерге түскен асхана. Пайда көретін кәсіпкер, зиян шегіп отырған балалар. Астана қаласындағы 65 мектеп», - делінген видеоға тіркелген жазбада. «Ал, сіз осындай қатқан нанды өз балаңызға берер ме едіңіз?», - дейді видео авторы.