«Сулифа» ойнаған екі жас жұрттың көңілін көтерді. Жас жұбайлардың видеосы Facebook-парақшасындағы «Төрт саусақ» тобында қызу талқыланып жатыр.
Келіннің аппақ орамал тағып алғанына қарағанда жаңа түскенге ұқсайды. Екі жас қара қазанды төңгеріп қойып, «сулифа» жасайды. Ойын тәртібі бойынша жеңгені қазандағы күйені алақанына үйкеп, жеңілгеннің бетіне жағады. Осылайша, жарасымды жұп бір-бірінің бетін қап-қара етеді.
Бұны көрген жұрт жас жұбайлардың тату-тәтті өміріне қызығып, басқаларға үлгі екенін жазған.
«Жастарға жарасып-ақ тұр. Бақытты болсын», «Қандай әдемі жұп. Осындай отбасылар көбейе берсін», «Оны жууды айтсай», «Төбелесіп, шу шығармай осылай ойнап отырса бәрі», – деп желі қолданушылары разылықтарын білдірді.