$ 494.87  520.65  4.91

«Мектепті бұзуға бөлінген ақшаны әкімдік жеп қойды»: ОҚО Бәйдібек ауданының халқы тағы шу шығарды

Жемсауы кең жемқорлар, мемлекеттен бөлінген қыруар қаржыны желге ұшырды деп, оңтүстіктегі «Бәйдібек ата» ауылының халқы шулап жатыр. Ауылдағы апатты мектеп, адам өмірі мен малға қауіп төндірген соң, білім ошағын халықтың өз-ақ қиратып тастапты. Қисынға салсақ, енді үйілген үйіндіні шығарып тазалау үшін, мемлекеттен ақша бөлінуі керек қой? Алайда, шенділер сол бөлінген ақшаның өзін бөліп алды деп, қысқасы тұрғындар наразылық білдіріп жатыр.

Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» ауылы тұрғындары ескі мектептің қираған үйіндісін тазартуға билікке сан мәрте ұсыныс берсек те, сөзімізді тыңдар құлақ таппадық деп отыр. Ашындыратыны сол, оны реттеуге екі жыл бұрын бөлінген қаржы қолды болған дейді тұрғындар. Соның кесірінен батырлар аллеясын ашамыз деген жоспарымыз «орындалмас арманға айналды» дейді.

Апатты деп танылған ескі ғимараттың адам өміріне қауіп төндіргендіктен, тұрғындар өз күшімен оны бұзып тастаған. Кейбірінің малын да басып қалыпты. Ал қазынадан үйіндіні тазалауға бөлінген қыруар қаржы желге ұшты дейді тұрғындар.

Мәселеден хабардар болған билік 600 мың теңге бір ғана мектепке бөлінген қаржы емес, ол аудан бойынша білім мен мәдениет саласындағы 5-6 апатты нысанды бұзуға бөлінгенін айтады. Ал таудай болып, жатқанына төрт жылдан асқан үйіндіні тегістеу жұмыстарын, «5 күнде бітіреміз» деп уәдесін берді.

«Ол жерде тек мектепті бұзуға ғана қаржы қаралып, бұзылған. Орнын тегістеу жұмыстарына қаржы қаралмаған. Орнын тегістеу жұмыстары осы алдағы уақытта "Ауыл қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны есебінен жүргізіледі», - деп ант-су ішті Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Талғат Сызаев.

Дегенмен халық, қиратуға қаржы жұмсап, тегістеуін жылдап кейінге шегерген биліктің әрекетін түсінбейміз дейді. Құлаудың алдында тұрған, іргесі 1937 жылғы қаланған ескі мектепті бұзуға жергілікті тұрғындар техникамен де, қаржылай да көмектескендерін айтады.

Дереккөз: 31-арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары