$ 448.15  483.46  4.86

Астанада төбелескен қыздар жауапкершілікке тартылды

Астана полициясы қыздардың төбелескені түсірілген видеоны қарап шықты, - деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі. Оқиға 21 маусымда таңертең "Шапағат" базарының маңында болды.

Видеодан екі қыздың ачфальт бойында бір-бірінің шашынан тартып, төбелесіп жатқанын көруге болады. Қастарындағы жігіттер оларды ажырата алмай жатыр. "Оқиға орнына полицейлер барды, төрт қыз "Сарыарқа" аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Олардың екеуі Ақмола облысының тұрғындары, қалған екеуі Жамбыл облысы мен Астана тұрғындары. Қыздардың жастары 23-36 аралығында. Ұсталған қыздардың мас болғаны анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІД өкілі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары