Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші рет ана атанды. Ол 43 жасында дүниеге қыз әкелді. Бұл жайында ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі revunews тобында жарияланды.
«Сүйінші! Тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші рет ана атанды! Бүгін дүниеге қыз бала келді. Анасы мен баласына денсаулық тілейміз», - деп жазылған аталған хабарламада.
Еске салсақ, өткен жылы Айгүл Мүкей журналистерге берген сұхбатында дүниеге екінші сәбиін әкелуді жоспарлап жүргенін айтқан болатын. Тележүргізушінің Асанәлі есімді алты жасар ұлы бар. Айгүл бірінші баласын жасанды ұрықтандыру жолы арқылы өмірге әкелген. Ал, қызы туралы әзірге ақпарат жоқ.