Алматылық Татьяна Бережная арабқа күйеуге шығып, 3 ай бойы екі қызымен Иорданияда кепілдікте болғанын айтып берді. Ол елге әзер дегенде оралған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Әйел Таяу Шығыс еліндегі қайын-жұртына қонаққа барған көрінеді. Бірақ, араб туыстары қонақжайлылық танытпапты, олар әйел мен екі қыздың құжаттарын тартып алып, өздерін үйден шығармай қойған. Ал, кішкентай қыздардың азаматтығын өз беттерімен алмастырып тастапты.
Татьянаның айтуынша, алғашында бәрі жақсы басталыпты. Азаматтық некедегі күйеуі бизнестегі проблемасын шешіп алған соң міндетті түрде келетінін айтқан екен. Алайда, біршама уақыт өтсе де ешнәрсе өзгермеген. Күйеуінің туыстары әйелден визаны создырамыз деп өз құжатын және қыздардың құжаттарын сұрап алыпты. Алайда, құжаттарды сол күйі қайтармаған. Артынша Татьяна өз қыздарына Иордания азаматтығы берілгенін біліпті.
Әсіресе үлкен қыз Сальсабильге ауыр тиген, оны Иорданиядағы мектептердің біріне үшінші сыныпқа жіберген екен. Бір ауыз арабша білмейтін қыз сол мектепте 3 ай бойы оқыпты.
"Олар келген кезде мен үшеуін де танымай қалдым, қудай әппақ, бәрі азып кеткен", - деп еске алды Татьянаның анасы Валентина Бережная болған жайтты.
Татьяна мен оның қыздарын азаматтық некедегі күйеуі өз Алматыға әкеліп тастапты. Не үшін мұндай қадамға барғанын айтпаған. Тіпті, бұл тақырыпта сөйлеспепті де.
Үш ай бойы жат жерде кепілдікте болған әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірмепті. Кешіргенін айтып отыр. Бірақ, Алматыға келе сала ажырасыпты. Енді шет елге ешқашан шықпаймын дейді ол.