Қыдырәлі Болмановтың 5 жасар ұлы Иманәлі көлік жүргізіп жұртты таң қалдырды. Мейрам қарсаңында түсірілген видеоны Қарақат Әбілдина өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
"Әкеге қарап ұл өсер" дегендей, ер бала тәрбиені әке мектебінен алғанға не жетсін. Имашымның кіп-кішкентай болып машинаны жүрексінбей жүргізіп келе жатқан мына түрін көріп, әкесінің алғырлығын, өжеттігін көрдім. Имашымның есейіп, ат жалын тартып мінгенін пайымдап, жүрегім қуанды...
Ол да болса әкелерінің кішкентайларынан соңынан ертіп атқа мінгізіп, балыққа ертіп апарып, қолынан келгенінше қасынан тастамай, уақыты аз болса да, уақыт бөліп, әр баласына жүрегім деп отыратын ниетінің нәтижесі де шығар. Отан қорғаушыларымызды жаратқан ием қолдап жүрсе екен", – деп жазды Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары болса, әншінің әке ретінде беріп отырған тәрбиесіне таң қалды.
«Осындай әкелер көбейе берсін!», «Қыдырәлінің қарапайым екені көрініп тұр. Тіл көзден аман болсын», – деп жазды олар.