Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий GGG Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте болуы мүмкін.
Келесі аптада боксшылардың өкілдері кездесу ұйымдастырып, күзде болатын реваншты талқылайды, деп жазады ESPN Deportes.
Кездесу болжам бойынша сенбі 15 қыркүйекте (Астана уақытымен 16 қыркүйекте) болды. Бірінші кездесу бір жыл бұрын дәл сол күні өткен еді.
Әуелі 5 мамырға белгіленген реванш Альварестің допинг-сынамасына қатысты шудан кейін болмай қалған.
Реванштан Головкин 20 миллион табыс табуы мүмкін.
Алайда, басылымның жазуынша, кездесу тағы болмай қалса, Головкиннің қарсыластары Джермейл Шарло (27-0, 21 KO), Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO), Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) немесе Деметрий Андраде (25-0, 16 KO) болуы мүмкін.
Дереккөз: Sputniknews.kz