$ 498.34  519.72  4.85

Жүргізуші мас болған: Павлодар-Қызылорда жолында көлік апатынан 3 адам қайтыс болды

6 мамыр күні Павлодар-Қызылорда тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан бүтін бір отбасы қаза тапты деп мәлімдеді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Павлодар-Қызылорда жолының 178 шақырымында Toyota Avensis көлігін тізгіндеген 59 жастағы жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Daihatsu автокөлігімен соқтығысқан. Көлікте болған 41 жастағы ер адам және оның 36 жастағы әйелі мен бір жарым айлық ұлы сол мезетте қайтыс болды.

Медициналық тексеру барысында жол апатына күдікті ер адамның сәл мас болғаны белгілі болды.

«Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті», – дейді вемоство өкілдері.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе  5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Дереккөз: Pavlodarnews.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары