12.05.2018, 04:36

Алматыда жол апатынан екі адам жарақат алды

Audi бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамаған.

Алматыда Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Subaru Legacy Шәріпов көшесімен бағдаршам жасыл жанып тұрған кезде келе жатқан. Сол кезде Audi 100 шығыс бағытта келе жатады. Audi жүргізушісі неге екені белгісіз бағдаршамның қызыл жарығын елемей, Subaru көлігін бүйірден соғады. Қатты соққыдан екі көлік трамвай жолына шығып кеткен.

Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Audi жүргізушісі бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылса, жолаушысының қолы сынған.

Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтап жатыр.

 

Дереккөз: Sputniknews.kz