$ 448.89  477.93  4.76

Қанат Ислам енді жапон боксшысымен жұдырықтасады

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз.

35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрторикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген. Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді.

Осы категория бойынша: «Хабиб Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегінде Роналду секундант болуы мүмкін Азия чемпионатында қазақстандық самбошылар 51 медаль иеленді».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары