Танымал актер әлі тележүргізуші Рахман Омар жақында ғана ұлды болды. Сәбиін Беспаевтай болсын деп армандаған ол баланың атын Мейрамбек қойды. Бұл туралы тележүргізуші Аман Тасыған өзінің Instagram-парақшасында жазды.
“Рахман мен Ақмарал ұлды болды. Есімін Мейрамбек қойды. Біз Мархабат екеуміз өкіл әке, өкіл шеше атандық. Өте қуаныштымыз! Той тойға ұлассын!” – деп ол қуанышты сәтке жайылған дастарханда ән салған Мейрамбектің видеосын жүктеді.