$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте жалаңаш әйел көлік жүргізушілердің мазасын қашырды (ВИДЕО)

Шымкентте жалаңаш әйел жолда кетіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің мазасын алды. Аталмыш видеоны куәгерлер телефон камерасына түсіріп, оны Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың біріне жүктеген.

Әйелдің үстінде іш-киіммен басқа ештеңе жоқ. Аяғына да кимеген. Жалаңаш денесінен еш қымсынбаған ол, керісінше көшедегі көліктерді тоқтатпақ болған. Видеодан арасында көлік жүргізушілеріне айғайлаған даусын да естуге болады.

Бұл оқиғаның Шымкент қаласында болғанын айтқан желі қолданушылары қыздың ақыл-есі кем деуде. Енді біреулері болса, оны «Ішкілікке тойып алған» деп сынап жатыр.

Десек те, биыл көшеде жалаңаш жүру сәнге айналғандай. Еске салсақ, оның алдында Ақтөбеде ер адам, ШҚО-да орта жасқа келген келіншек те осылай жалаңаш көше кезген болатын.  Ал Астанада болса, бір әйел қарға жуынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары