Маңғыстаулық тұрғын Федор тасбақалардың төбелесіне куә болған. Мұндай айқасқа алғаш куә болған ол көргенін дереу видеоға түсіріп алып үлгерген деп жазады «Лада».
Бауырымен жорғалаушылар 14 мамыр күні Қаламқас кең орнының маңында төбелескен.
«Мен олардың не үшін төбелескенін түсінбедім. Әділдік үшін бе әлде жәй жекпе-жек пе? Әйтеуір өзіме қызық көрінген соң адамдармен бөлісейін деп шештім», – дейді Федор.