Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында спирттік ішімдікке тойып алған ер азамат дәмхананың басшысы - әйел адамды соққыға жықты.
Облыстық соттың мәліметінше, оқиға болған кезде клиент масаң күйде болған екен. Оған кафе басшысы келіп, ғимаратты босатуын сұрапты. Алайда, ер адам оны тыңдау былай тұрсын, жұдырығын ала жүгірген.
Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-тармағы бойынша (бұзақылық) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ер азаматтың кінәсі дәлелденсе ол бір жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Дереккөз: «Мой город» порталы