Жақында ғана қызды болған әнші Бүркіт есекке отырып суретке түсемін деп жұрттан ұрыс естіп қалды.
Эстрада жұлдызы жануарға «Загадай желания» фильмінің түсірілімі кезінде мінген.
«Өзі дәп-дәу боп алып, кіп-кішкентай есекке мініп алғаны несі?» дейтін шығарсыздар. Бірақ небәрі 10 секунд ішінде қарғып міндім де түстім», - деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Желі қолданушылары болса: «Есекке обал болды ғой», «Ұялсаңыз етті. Кішкентай жануарға мініп алыпсыз. Байғұс белі майысып әзер тұр», «Жануарға да мейірімділік көрсету керек, Бүркіт мырза», - деп пікір қалдырды.