$ 494.87  520.65  4.91

Бала күтуші 1 үйдің 2 бірдей баласын пышақтап өлтірген

АҚШ-та екі бүлдіршінді пышақтап өлтірген бала күтуші кінәлі деп танылды. 55 жастағы Йоселин Ортега қалған өмірін түрмеде өткізетін болды деп жазады Mirror.

Әйел соңғы сөзінде өзінің әрекеті үшін балалардың ата-анасынан және Құдайдан кешірім сұрайтынын айтты. Оны сот залынан алып бара жатқанда, әйел көзінің жасын сүртіпті.

Бала күтуші 2012 жылы өз қарауына қалдырылған 6 жасар Люсия Крим мен оның 2 жасар бауыры Леоны өлтіріп тастаған. Оқиға Манхэттендегі пәтерде орын алған. Әйел балаларды ас үй пышағымен пышақтап өлтіріп, денелерін ваннаға салып қойыпты. Осы кезде балалардың анасы үйге келіп, ваннада жатқан балаларға қарап, пышақты мойнына тақап тұрған әйелді көрген екен.

Анықталғандай, бала күтушісі Люсияны би сабақтарына алып келмегендіктен, анасы не болғанын білу үшін, 3 жасар қызымен бірге үйге қайтып оралыпты.

Ортега жасаған қылмысынан кейін «балалар мен өзіңді өлтір» деген шайтанның бұйрығын естігенін айтты. Қорғаушы тарап әйелдің қабілетсіздігіне байланысты оны кінәсіз деп мойындауды талап етті. Артынша әйел өз сөзінен бас тартып, шайттанның бұйырығы туралы өтірік айтқанын мойындады.

Айыптаушы тараптың сөзінше, әйел қайғылы оқиға орын алардан бірнеше күн бұрын жеке өміріндегі қиындықтары үшін қатты ашуланып жүрген.

Ал прокурорлар Ортеганың балалардың анасына қызғанышпен қарап, өз ұлын 4 жасар кезінде Доминикан Республикасында әпкесіне тастап кеткені үшін өзін кінәлі сезініп жүргенін айтты.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары