Қарағандыда екі бойжеткен мейрамханада ішіп-жеген тамағының ақысын төлемей қашып кеткен. Олар сол ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Аталған видеокадрларды мейрамхана иелері әлеуметтік желілерге жүктеп, қыздарға іздеу салды.
Автордың айтуынша, «Empire Pub» мейрамханасына келген екі бойжеткен даяшыны алдаған көрінеді. Олар сырасын ішіп, тамағын жеп, ақысын төлейтін кезде іздерін суытқан.
««Empire Pub-қа екі қыз келген. Барынша көңілдерін көтерді. Түрлеріне қарасаң әп-әдемі. Есепшотты сұрап алып, кейіннен төлемей қашып кетті. Далаға шылым шегуге шыққан болатын. Даяшы сол уақытта екеуіне қарап тұрды. Бір уақытта қастарына көлік келіп тоқтайды. Екеуі де келісіп алғандай темекілерін лақтыра сала, көлікке мініп қашып кетті. Қыздардың киіміне қарап, жағдайы жоқ деп айта алмайсың», - деп жазады мейрамхана өкілі.
Ал, сол екі клиентке қызмет көрсеткен даяшы қыздың жағдайы төмен екен. Үйі жоқ, сол дәмханада түнейтін көрінеді.