Жеңісімен құттықтап, алдынан шарқұрып күтіп алған анасының аяғынан сүйген спортшы жігіт желіде қызу талқыға түсті. Оның осынау шақтағы видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі түрлі топтарда жарияланып жатыр.
Видеода қазақ ауылының жеңіспен оралған спортшысын күтіп алған сәті бейнеленген. Онда көліктен түскен жігіт анасына бір құшақ гүл беріп, жата қап аяғын сүйеді.
Желі қолданушыларының бірі – анасына тағзым еткен баланың бұл қылығына риза болса, екінші бірі – аяқ сүю салтымызда жоқ дегенді алға тартады.
Оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз. Тек пікір жазғандардың ішінде жігіттің аты-жөні Абылайхан Қадыржан екенін айтқандар бар.