Рамазанның алғашқы күнінде крест тағып, басы дауға қалған Баян Алагөзованы қайын атасы Тұрым Алагөзов қолдап шықты. Айтуынша, келінін көпшілік дұрыс түсінбей қалыпты-мыс.
«Мен қызымды мақтан тұтамын. Христиандардың кресі мен Тәңірдің белгісін айыра алмайтындарды кешір. Басыңды тік ұстап, именбей алға қарай жүре бер. Біз арқашан сенімен біргеміз.
Рамазан айында ғана емес, басқа уақытта да кешірімді бол.
Ел-жұрт алдымен сен сияқты жұмыс істеп алсын», – деп Алагөзов келініне араша түсті.