Facebook қолданушысы Салтанат Абылбекова кей қыздардың жатса да, тұрса Құдайдан жар іздейтінін, ал енді бірі сол жігіт атаулыдан құтыла алмай жүргенін жазып, оқырмандарына ерекше көңіл күй сылайтын жазба қалдырды. Блогердің сөзін айна-қатесіз назарларыңызға ұсындық.
Майдан қалған, байдан қалады деп жасы келіп қалған кейбір қыздар жатса да, тұрса да Құдайдан бір бай сұрап əлек. Тиіп алайын десем, күйеу жоқ қой күйеу деп күйінеді. Ал кейбіреулердің бір басында 99 күйеуі бар. Өмір неткен əділетсіз иə. Əне анау жоғарыдағы көршілердің есігін тағы да біреулер тарсылдатып жатыр. Тұтқасын жұлып алмаса екен деп біз жатырмыз уайымдап. Тұтқа демекші, базарда тұтқалар қымбаттап кетіпті. Өткенде жоғарыдағы көрші -ақыры орталыққа бара жатсың ғой, тұтқа ала келші деген соң, сөзін жерге тастамай құрылыс заттар дүкеніне кіргенмін. Сатушы жігітке: – Ағай тұтқа бар ма, - десем. -Ол не деп бажыраяды. Анау ше есіктің ұстайтын жері. Түсінбеді. Бір кезде есіктің құлыптайтыны бар ма, глазогы бар ма бəрін алдыма жайып тастады. – Сұрап тұрғаныңыз мыналардың қайсысы? Оның ішінен тұтқа түгіл тасты да таба алмаған соң, бұл жерде жоқ қой дедім. Жаныма қарап қалсам, бір есікті сатылымға шығарып қойған екен. Қуанып кетіп, əлгінің тұтқасын ұстап, – міне ғой міне. Тұтқа деген осы. Бар ма сізде? Əлгі мырс етіп күліп жіберді. – Қарындас-ау ол ручка ғой. Сіз қай тілде сөйлеп кеттіңіз. Тіліңіз қызық екен. Қазақтан "тұтқа" деген сөз естісем өліп кетейін. Ручка дейді мұны. Мен де тілі ұзын бəлемін. – Қай атаңнан ручка деген қазақтың сөзін жазып алып едің ? Кəдімгідей пікірталас басталып кетті. Пікірталасты тек фыбыда ғана бар ма десем, өмірде де болады екен. Қысқасы бір мəмілеге келе алмай даурығып кеттік. Көнбеске амал жоқ. Бұл ручканның яғни руссканың тілі бəрібір көндіреді екен. Сол ручкаңнан бере ғой десем, 1000теңге деп қарап тұр. Алтын жалатылғанба еді деп мен аң-таңмын. Россиянікі дей ме əйтеуір əлгі қытайдың бəлесін мақтап тастады. Көршінің берген ақшасы оған жетпейді. -Анауың қымбат екен, қазақысы бар ма? Қайырылып қалған "С" сияқты бір темірді қолыма ұстата салды. Сол тұтқаны көршінің есігіне өзім салып беріп едім, енді міне жолдан адасқан байчиктері еңбегіңді еш етіп тағы да жұлып алғалы тұр. Ертең көршіме: – Есігіңді «проходной дверь» қыл немесе байларыңды байы жоқ құрбыларыңа таратып бер деп айтамын-ау. Шаршатып жіберді.