19.05.2018, 10:09

Алматыда 4 жасар бала жоғалып кетті

Алматыда 4 жасар баланы ата-анасы 2 күннен бері таба алмай жатыр.

Баланың аты-жөні – Арсен Көмеков. Соңғы рет баланы 17 мамырда «Шаңырақ-2» ықшам ауданынан кешкі сағат алтыда көрген. Туыстары баланы ұрлап кетті деп күдіктеніп отыр.

Сәбиді көргендер болса, мына байланыс нөміріне хабарласса екен дейді туыстары: 8 775 922 10 32