$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар баланы 100-ден аса полиция қызметкері іздестіріп жатыр

Алматыда 17 мамыр күні Шаңырақ ықшамауданында жоғалып кеткен 4 жасар баланы 100-ден аса полиция қызметкері іздестіріп жатыр деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Көмекова Әрсен 2014 жылы дүниеге келген. Ол сол күні үлкендердің қарауынсыз қақпаның ар жағында ойнап жүрген. Алайда мұнан кейін белгісіз бағытқа кетіп қалыпты.

«Ата-анасы өздері іздеп таппаған соң, түнгі сағат 10:00 шамасында полицияға шағымданған. Қылмыстық және ювеналды полиция, аумақтық инспекторлар, жол-патурль полициясы, кинологтар мен Ұлттық Ұлан сарбаздары жұмылдырылып, мобильді іздестіру топтары ұйымдастырылды. Баланы 100-ден аса полиция қызметкері іздестіріп жатыр», – дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әзірбектің сөзінше, алдымен баланың өмірі үшін қауіпті саналатын кәріз құдықтары, құдықтар, арықтар, өзендер, тоғандар, иесіз қалған үйлері мен шатырдың асты тексерілген. Сонымен қатар полиция 26 600 үйді тексеріп, 18 мың адамнан жауап алған.

«Әйелдердің бірі сол күні кешкі сағат 20:00 шамасында дүкеннің жанынан жылап тұрған баланы көргенін айтты. Алайда оған назар аудармаған екен. Сонымен қатар полиция сол шағынаудандағы нысандардың видеокамераларындағы мәліметтерді тексеріп жатыр», – дейді Әзірбек.

Сонымен қатар, полициядағылар Әрсен жоғалып кеткен күні үстінде кеуде тұсында қызыл сызығы бар қара футболка, қара-көк түсті шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болғанын айтты. Баланың бойы – шамамен 100 сантиметр. Ерекше белгілері жоқ.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары