Астанада түгелімен өртеніп кеткен үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған. Бұл сәт түсірілген видео Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды.
Айтуынша, жақында ғана Астанада өртенген үйде жанбай қалған Құран кітабының әр беті тап-таза күйінде сақталыпты. Бұл кітаптың осындай қасиеттілігін ол осымен екінші мәрте көріп отыр екен.
«Құранның қасиеттілігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Күлі қалмай өртеніп кеткен үйде осы Құран кітап қана жанбай қалғанын көріп куә болдым» дейді өз көзіне сенбеген желі қолданушысы.
Айта кетейік, өртенген үйден Құран кітабының ғана жанбай қалғаны туралы оқиғалар жиі кездеседі. Мұны көрген желі қолданушылары «Алланың құдіретінде шек жоқ» деп қайран қалуда.