Баян Алагөзова тараздық данышпан Исаак Мустопуломен кездесті. Бұл туралы продюсер өзінің instagram-парақшасында жазды.
«Тараздық кішкентай данышпан Исаак Мустопуломен. Рөліміз сәл ауысты. Бүгін одан қолтаңба алдым. Ол мені мүлде танымайтын. Танысудың сәті түсті. Ал мен ол жайлы білетінмін. Исаак «Только не говорите, это слишком...» кітабының кейіпкері. Басылым авторы – Гүлнар Бажкенова. Гүлнар жақында ғана менің кітабымды оқыған. Енді мен оныкін оқымақпын», – деп жазады Алагөзова.
Айта кетейік, церебралды сал ауруына шалдыққан қазақстандық 15 жастағы Исаак Мустопуло Исаак Тараз қаласындағы №13 мектепте оқиды. 2015 жылы оқушылар арасындағы ұлттық инновациялар конкурсының арнайы сыйлығына ие болған. Ал 2017 жылы Лондонға арнайы барып, әйгілі физик, профессор Стивен Хокингпен кездескен.