Маңғыстауда ер азамат 8 жасар баланы ұрлап кеткен. Ол баланың ата-анасынан 1 миллион теңге талап етіпті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
"Сенбі күні жергілікті тұрғындардың бірі ұлын белгісіз ер адамның ұрлап кеткенін және оны қайтару үшін 1 миллион теңге талап еткенін айтып шағымданды", - деді А.Сәдубаев.
Маңғыстау облыстық ІІД-нің полицейлері шұғыл тергеу тобын құрып, күдіктіні ізін суытпай қолға түсірген. Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.