Өткен аптада Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында дүркіреген той өтті. Жалғыз қыздары Аяланың тұсауын ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың әйелі Гүлбаршын Заирова кескен еді. Танымал әнші Индира Расылхан «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында олардың тойға әкелген сыйлықтарының сомасын айтып берді.
«Той өткізіп жатқаннан кейін ақшалай сыйлықты жақсы көреміз. Кіндік анасының өзі миллион теңге беріп жатқанын да білеміз. Әрине біз енді аралас-құралас боп жүргеннен кейін шама-шарқымыз келгенше бір-бірімізге сыйлық сыйлап жатырмыз», – деді Индира Расылхан.