Танымал актер Тәуекел Мүсіліммен бірнеше рет бірге жүрген жерлерінен ұсталып қалған әнші Жанар Дұғалова жеке өміріндегі қуанышты жаңалықтарымен бөлісті. Айтуынша жақында шаңырақ көтеріп, той жасайтын көрінеді.
Qazaqstan телеарнасында журналистің сұрағына жауап берген Дұғалова тойдың нақ қай күні өтетінін кесіп айтпады. Тіпті, күйеу жігіттің аты-жөні де жасырып қалды.
“Жақында. Бірақ кім екенін айта алмаймын. Ол Тәуекел Мүслім емес”, – деді әнші.
Бұл ретте желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, аман-есен шаңырақ көтеруіне тілекетес екендерін жазып жатыр.