Осыдан 3 жыл бұрын дүниеден озған Батырхан Шүкеновтің әнін орындаған Жанболат пен Жазира көптің ыстық ықыласына бөленді. Видеоны жас жұбайлар желідегі парақшаларына жүктеді.
«Батырxан Шүкенов ағамыздың репертуарын ұнатпайтын адам жоқ шығар! Ағамыздың жаны жәннатта болсын!», – деп жазды олар.
Батырханның репертуарындағы «Нелюбимая» әнін Жанболат гитарада сүйемелдеп отырып шырқады. Өнерлі жұптың бұл шығармасына желі қолданушылары қол соғып, разышылығын жеткізді.
Айта кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылы Мәскеуде жүрек талмасынан көз жұмған. Өткен аптада марқұмның туған күні қарсаңында Қызылорда қаласында ескерткіші орнатылды.