22.05.2018, 11:58

Балалар ойнайтын алаң жанына дәретхана орнатып қойыпты – журналист

Отандық журналист Нәзия Жоямерген Алматыдағы саябақтардың біріне қойылған қоғамдық дәретхананы алып тастауын талап етуде. Себебі, ол саябақтың дәл ортасында, яғни, балалар ойнайтын алаңда тұр екен.

Журналистің айтуынша, саябақтың дәл ортасына қойылған дәретхана тегін емес, ақылы. Енді жаз айларында таза ауа жұтуға келген адамдарға жағымсыз әсер қалдыратыны сөзсіз. Осыған қатысты бір шара қолдану керектігін айтқан ол, желідегі әріптестерінен кеңес сұрады. «Алматыдағы Жароков-Жамбыл көшелерінің қиылысындағы Махатма Гандидің ескерткіші тұрған саябақтың қақ ортасынан мына əжетхананы орнатып қойыпты. Ақылы əрі, тегін емес. Дəл жанында балалар ойнайтын алаң бар: əткеншектер, сырғанақтар... Жазда əжетхананың сасық исінен балалар тұншығатын болды. Саялы баққа сасық ауа жұту үшін барамыз ба?», - деп жазады журналист.