$ 447.4  477.55  4.76

Елдос Сметов Grand Prix турнирінде жеңіске жетті

Елдос Сметов Қытайда өтіп жатқан әлемдік Grand Prix турнирде топ жарды деп хабарлайды Qsport.kz.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Қытайдың Хух-Хото қаласындағы Grand Prix турнирде алтыннан алқа тақты. 60 келіде белдескен отандасымыз алғашқы айналымда жапон Иума Ошиманы тізе бүктіріп, екінші белдесуінде ресейлік спортшыдан айласын асырып кетті. Жартылай финалда Фелиппен Фелимнің мысын басқан отандасымыз финалда тағы бір қазақ балуаны Ғұсман Қырғызбаевты иппонмен жеңді. 

Айта кетейік, Елдос Сметов соңғы жарысында Екатеринбург қаласында өткен дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысып, алтыннан алқа таққан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары