$ 441.66  475.14  4.86

Жедел жәрдемге жол бермей, дәрігерлерді балағаттаған жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермей, дәрігерлерді балағаттаған Nexia жүргізушісін полицейлер ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуныша, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімі 1993 жылғы ер азаматты іздеп тапқан.

"Қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлімі, 598-бабы 1-бөлімі және 434-бабы бойынша хаттама толтырылды. Материал нақты шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданады", - деді Іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, алматылық Элени Хондолиди есімді тұрғын баласын жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізбек болғанында жолда келеңсіздікке ұшырағанын өзінің Facebook-парақшасында жазған болатын. Ол Nexia көлігінің жолды бөгеп тұрған сәтін бейнекамераға түсіріп алған. Ереже бұзған жүргізуші жол бермеуі былай тұрсын, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен дәрігерді балағаттаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары