«Айрылыстық» деп жаһанға жар сап жүрген жұлдызды жұп ауызашар дастарханында ұсталып қалды. Олардың осынау сәттегі суретін белгілі продюсер Ерік Тәстембеков желіге жариялады.
«Бәрі жақсы» деп жазба қалдырған продюсердің суретіне жұрт жапа-тармағай пікір жазып, Ақбота мен Дәуреннің ара-қатынастарын сұрап жатыр.
«Айрылысып кеткендері қайда? Кімді алдап жүр?», «Тоқал ыстық болады ғой. Кете алмай жүрген шығар», «Әдемі жұп. Жақсы жарасасыздар. Бақытты болыңыздар», – деп жазды олар.
Айта кетейік, Айдарқұлов пен Сейтмағанбетова «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастап кешірген еді. Ақбота ұлан асыр той жасамаса да, мешітке барып, Алланың алдында некелерін қидырғанын айтқан. Қазір олардың ортақ некелерінен 1 ұл бала бар.