27.05.2018, 04:09

«Реал» Чемпиондар лигасында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Мадридтік «Реал»  Чемпиондар лигасында «Ливерпульді» жеңіп, абсалютті рекорд орнатты.

Ойын Киевтегі олтмпиада стадионында өтті. Турнир финалында корольдік клуб ағылшындардың «Ливерпуль» командасын 3:1 есебімен жеңді.

Бірінші голды  51-минутта Карим Бензема соқты. 54-минутта Сидио Мане есепті теңестіріп, 63-минутта Гарет Бейл «Реалды» алға шығарды. Ал 83-минутта соғылған гол командаға жеңіс әперді.

Еске сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» турнир финалында 1981 жылы кездескен болатын. Ол кезде 1:0 есебімен «Ливерпуль» жеңіске жеткен.