$ 494.87  520.65  4.91

Ақ үй өкілдері саммитті әзірлеуге Сингапурға аттанады

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ықтимал кездесуіне әзірлену үшін Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаментінің отыз шақты қызметкері Сингапурға аттанады. Бұл туралы ақпаратты Ақ үйдің баспасөз қызметі растаған деп жазады Азаттық.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын талқылауға арналған Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі маусымның 12-і күні Сингапурде өтеді деп жоспарланған еді. Алайда мамырдың 24-і күні президент Трамп "Пхеньян тарапынан дұшпандық сарындағы мәлімдемелерге" байланысты Ким Чен Ынмен кездеспейтіні туралы жариялаған. Ал келесі күні Трамп Пхеньянмен диалогты жандандыру туралы айтып, Сингапурдегі саммиттің өтуі мүмкін екенін меңзеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары