Ақтөбе облысы Қарақұдық ауылында ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап кетті деп жазады Sputniknews.kz.
Отыз төрт жастағы ауыл тұрғыны мектеп қасындағы алаңда футбол ойнап жүргенде, үстіне конструкция құлап кеткен. Ер адам басынан жарақат алып, жағы сынды, миына зақым келді.
Бес сағаттан соң зардап шегуші Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.
"Актобе Таймс" жазғандай, оқиға 15 мамырда кешкі сағат тоғызда болған. Футбол қақпалары алынбалы екен.
Мектеп басшылығы айтуынша, қақпаның өздігінен құлауы мүмкін емес.