Естімеген елде көп! Шымкентте әлі көзі тірі адамдарға бейіт салынып, көктас қойыла бастаған сыңайлы. Мұны жергілікті тұрғындардың бірі видеокамераға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.
Видео авторы бұл мазардың Шымкентте екенін айтады. Ондағы көктаста әйел мен ер адамның суреті бейнеленген. Қызығы сол, екеуінің аты-жөнімен бірге тек туған жылдары жазылып, қайтыс болған уақыты жазылатын орын бос тұр.
Видео авторы бұл адамдардың әлі тірі екенін айтып, таңданысын жасырмайды. Ал, видеоға пікір білдірген өзге желі қолданушылары түрлі болжамдарын жазуда. Олардың кейбірі бейітте көрсетілген адамдар бұрынырақ жоғалып, денелері табылмаған жандар болуы мүмкін екенін де айтып отыр.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!