Атышулы Айжан Байзақова Telegram-каналында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.Оның ішінде бұрынғы сүйктісі жайында сөз қозғады.
Бір оқырманы Байзақоваға «Бұрынғы жігітіңіз қазір бақытты деп ойлайсыз ба?» деген сұрақ қояды. Бұған блогер ол адамға ешуақытта жамандық тілемейтінін айтады.
«Иә, бақытты деп ойлаймын. Мен ол адамды ешқашан жек көрмеймін. Өйткені жамандықтан бұрын, онымен өткізген жақсы күндерім көп. Мен қалай құлай сүюді, қалай адал болуды сол адамнан білдім. Бір кездері өліп сүйген адамыңа жамандық тілеу менің қолымнан келмейді», – деп жауап береді Байзақова.
Сондай-ақ, әзірге өзінің сүйіктісі жоқ екенін айтып, егер бар болса, оны өле-өлгенше сүйіп өтетінін жасырмады.