$ 498.34  519.72  4.85

Балиева ОҚО-да зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді

Қзақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО-ның Сарыағаш ауданында зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді деп жазады Sputniknews.kz.

Балиева бұл іске қатысты әлі күнге тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын айтады.  

«7 жасар балаға келер болсақ, мен бұл тақырыпта ашып ештеңе айта алмаймын. Өйткені, бұл кәдімгідей қоғамда шу туғызған үлкен проблема боп тұр. Тергеу аяқтала салысымен сіздерге ақпарат беретін боламын», – деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, наурыздың ортасында ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат Желіде тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. Бұл оқиға қоғамның қызу талқысына түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары