Өскеменде Абай даңғылындағы сауда үйі алдынан белгісіз ер адамның денесі табылды деп жазады YK-news.kz.
Кешкі сағат 10 шамасында 102 пультіне «Темірлан» сауда үйінің алдында қайтыс боп кеткен адам жатыр деген ақпарат түскен. Өлі дененің қасынада мүгедектер арбасы болған.
Қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, мүрдеден жарақат белглері табылмаған.
Қазіргі таңда ер адамның кім екені анықталып жатыр.