$ 441.66  475.14  4.86

Арзан екен: Алматыда «жүкті қылам» деп қызмет ұсынған жігітке кәрі қыздар таласып қалды

«Жүкті қып беремін». Желіде бір жігіт осындай қызмет түрін ұсыныпты. Өз қызметін 500 мың теңгеге бағалаған. Бірақ қызметін тұтынушыға қоятын өз талаптары да бар екен.

Instagram желісіндегі @almatstop паблигінде жарияланған бұл жарнамада көрсетілген талаптың бастысы — жүкті қылатын әйелдің ажарлы болуы.

«Жалғызбасты көрікті келіншектерге бала көтеруге көмектесемін. Бойым — 186 см, салмағым — 80 келі. Қой көз, қоңыр-қара түсті шаш» деп жазылған жарнама мәтінінде.

Желі қолданушылары ұрығын, бір сөзбен айтқанда баласын сатқан жігіттің бұл қылығын тексіздікке балап, мұндайдың алдын алуды ұсынған. Ал тағы бірі оны қолдаған:

«Оң жақта отырып қалған кәрі қыздар көп. Тұрмысқа шыға алмаса да ең құрымағанда бала сүйсін деп ата-анасы жаны ашып жатады. Сонда баланы күлге аунап туа ма? Дұрыс, өстіп жігіттер ыңғай білдірмесе, олар отыра береді„.

Ал біреуі қалжыңдап, жігітке қызметінің арзан екенін жазыпты:

«Масқара, Алматының кәрі қыздары таласып жатқан шығар өзіне. Қызметін арзандау екен, ә».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары