Тұрсынбек Қабатовтың бір тойды жүргізіп беруге алатын ақысы — 5 миллион теңге. Әзілкешті тойына шақырғысы келген жігіт бұл бағаны естіп талып қала жаздаған.
Қабатовтың бұл ісін әріптестері де, той иелері де сынап тастады.
«Бұл 5 миллион деген баға, миға сыймайды. Түсінбедім?! Бұны жағдайы бар адамдар жасар. Ал қарапайым халық көргісі келеді ғой, оны. Соларға қарап кейінгі «жұлдызсымақтар да» бағасын көтеріп жібереді ғой», — деп ашынды Әділет Қайратұлы есімді жігіт.
Сондай-ақ, тележүргізуші Тахир Сұлтан Тұрсынбектің бұл ісін асыра сілтеуге балады.
«Тұрсынбек мырзаның ісі соған лайық болса, шықсын. Бірақ, 5 миллион теңгеге асаба жалдап, той жасау ысырапшылық деп ойлаймын», — деді тележүргізуші.
«Өзі бес миллионға той жасаса, онда Тұрсынбекті шақырмасам қайтеді. Бояушы-бояушы десе сақалын бояп, ауылда бәрінің басынан өткенді мәнерлеп айтып беретіні үшін ала ма? Барсын ақшасы бар аға-көкелерінің тойын 10 миллионға бағаласын да басқарсын»деп пікір қалдырғандар да бар екен.
Дереккөз: 365info.kz