30.05.2018, 10:45

Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің анасы көпшілікті бала ұрмауға шақырды

Қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпейдің анасы көпшілікке үн қатты. Қызының қазіргі жағдайын айтқан Айжан Көпей өмірден көрген-түйгенінен баланы тәрбиелеудің басты құпиясын ұқтым дейді деп жазады Stan.kz.

Бір жарым жасар Алиманың қатерлі ісікке шалдығып, ауыр дертпен күресіп жатқаны көптеген қазақстандықтың жүрегін қозғады. Тіпті, оның басындағы жағдай әлем мемлекеттерінің тұрғындарының басын біріктірді. Бүгінде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, АҚШ тұрғындары Алиманың сауығып кетуін тілеп, еміне ақша жинап беріп жатыр.

Ал Алиманың анасы Айжан Көпейдің сөзінше, қазіргі уақытта қызы әлі де аппаратпен жатыр.

«Алиманың жағдайы бұрынғыша. Аздап есін біледі. Бұл бір жағынан жақсы. Алайда ол мені көргенде, бірден қызарып, жылап жіберді. Жалағанымен, дыбысы шықпайды. Мұнан кейін тынысы тоқтап қалды. Мен қатты қорықтым. Ол маған қарап, одан сайын жылайды», – дейді Алиманың анасы.

Ал Алиманың емдеп жатқан профессор Ю оның алғашқы химиотерапияны ауыр көтергенін айтыпты.

«Профессор нақты болжам жасап отырған жоқ. Мен оған бізге шындықты айтуын сұрадым. Ол әртүрлі жағдай болатынын және баланың алғашқы химиотерапияны ауыр көтергенін айтты. Олар екінші химиотерапияның алдында оның организмін барынша қалпына келтіруге және дайындауға тырысатын болады. Екінші химиотерапия келесі аптада жасалуы тиіс. Алайда олар бұл процедураны ұзаққа соза алмайды. Себебі организмі қалпына келгенде, қатерлі жасушалар да қалпына келеді», – дейді Алиманы анасы.

Айжан Көпейдің парақшасына 180 мыңнан аса адам жазылған. Өз кезегінде желі қолданушылары Алиманың ата-анасына жылы лебіздерімен қолдау білдіріп, оның еміне ақша жинауға көмектесетінін айтып жатыр.

Сондай-ақ, Айжан өмірден көрген-түйгенін ой елегінен өткізе келе, аналарға балаларын жақсы көруге, оларға ұрыспауға кеңес берді.

«Аналар, қыздар, өтінемін, сөзіме құлақ асыңыздаршы. Сіздерге кішігірім кеңес беруіме бола ма? Өтінемін, өз балалрыңызға ұрыспаңыздаршы. Біздің басымыздағы жағдай көптеген адамға өмірдегі құндылық туралы қайта ойланып, ой түюге мүмкіндік бергенін білемін. Тұрмыста бәрі болатынын түсінемін. Шаршайсыздар, ашуланасыздар. Алайда мен баланы тәрбиелеудің басты құпиясы – жай ғана баланы жақсы көру, ұрыспау, ескерту жасамау және өзіңді тәрбиелеу екенін түсіндім. Менімен барлығы келіспейтінін білемін. Алайда егер аналардың бір пайызы болсын мені естіп, өмірінде әлденені өзгертсе, менің бұл сөздерім бекер болмағаны», – дейді Айжан Көпей.

Сондай-ақ, Алиманың әкесі Алтай Көпей қазіргі уақытта қызының есін біліп жатқанын, өзін көріп, жылағысы келгенін айтты. Оның сөзінше, егер Алиманың жағдайы қалыпты болса, ертең жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқан еді.