Атырауда көше бойында екі әйел бір-бірімен жаға жыртысып, шаш жұлысты. Бұл сәт сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсті.
Орта жастағы екі әйел бір-бірімен сөзге келіп қалған болу керек. Видеода біреуі қарсыласын пакетпен ұрып жібереді. Ол да қарап тұрмай, жұдырығын ала жөнелген. Ары қарай бір-бірінің шашын жұлып, көшеде тұрған көліктерге қарамастан төбелесіп кетеді.
Артынша көше ортасында жұлысқан екі әйелді тұрғындар ажыратпақ болады. Бірақ олардың төбелесін тоқтату қиынға түскен.