$ 444.22  476.38  4.82

«Қаңқаны екі жүз долларға сатып береді»: Қытайлар адамдардың мүшесін сатуды бизнеске айналдырған (ВИДЕО)

 Қытайда адам мүшесін сату – бизнес көзі. Ол жақта қаңқадан бастап, көз, бауыр, бүйрек секілді дене мүшелері үлкен ақша тұрады. Бұл туралы Қытайдағы қазақтардың бірі мәлімдеді. Оның мәлімдемесінің видеонұсқасы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған.

Бейнежазбадағы ер кісінің айтуынша, Қытай адам мүшесін сатудан әлем бойынша бірінші орында тұр. Ол жақта адам ағзасын пайдалану дамып кеткен екен.

«Қытай жер шары бойынша адам мүшесін сатуда бірінші орында. Ол жақта бүйрек – 200 мың доллар, екі бүйрек – 400 мың доллар. Бауыр – 300 мың доллар. Ал бүкіл организмін алып тастап, қатырып қойған қаңқаны медициналық колледж, университеттерге – 200 долларға сатады», – дейді ер азамат.

Сондай-ақ, қазіргі кезде Қытайда қазақтар мен ұйғырлардың іш-құрылысын ұдайы тексеріп отыратын көрінеді. Өйткені, оларды донор болуға дайындап отыр дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары