11 жасында от шашудың ұшқыны тиіп, бір көзінен айрылып қалған бойжеткен халықтан көмек сұрайды. Ол ота жасатуға қаражат жетпей жатқандығын айтады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде бөлісті.
21 жастағы Рима Асқарова осыған дейін көзіне 9 рет ота жасатқанын айтады. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмаған.
«Жаңа жылда от шашу атып көрмекші болдым. Ол кезде 11 жаста едім. Салют көзімнің бет пердесіне тиіп кеткен. Көзімнің бұрынғыдай болғанын қалаймын. Израильде болатын отаға үміттеніп отырмын. Олар көзімді қалпына келтіріп береміз деді. Отаға қаражат жетпей жатыр», – дейді бойжеткен.
Айтуынша, отаға 16 миллион қаражат жетпей жатыр екен.
Ораза айында осылай көпшіліктен көмек сұраған Рима болашақта көзінен ұялмай, өзге қыздар секілді өмір сүргісі келетінін жеткізді.