01.06.2018, 11:15

Әйеліңізден ләззат аласыз ба?

 

Кез келген әйел өз ер азаматын жүрегімен барынша сүйетін болса, ол оны жыныстық тұрғыдан да бақытты ете алуға тырысуы тиіс. Өйткені өмір бір бағытта жүретін көше емес. Бұл екеуара келісіп, жыныстық өмірді қызықты да тартымды етудің жолдары.

Жыныстық қатынасты сәтті аяқтай алмаған еркекке «сен еркек емессің» дегеннен ауыр сөз жоқ. Бұл ер-азаматтың сізге енді қайтып бар ынтасын салып жыныстық қатынасқа баруына кедергі болады да тұрады. Мұндай қателіктен аулақ болғандарыңыз абзал. Тіпті мұндай балағаттаулар мен басқа да жыныстық қатынасқа кері пікірлер бірте-бірте жігітті белсіздікке әкеледі. Сондықтан жыныстық қатынастың өте нәзік психологиясы бізден бір-біріміздің көңілдерімізге кірбің түсірмейтіндей іс-әрекет етуді талап етеді.

Адамдар арасындағы сексуалдық сауатсыздық, төсек ләззатындағы мәдениетсіздік қауышудың кейбір жақтары «таза емес» деген ойды көкейімізге ұялатқан. Ол жөнінде жұбайлар арасында ашық айтып, пікір алысу «бұл тәсілді, немесе әдетті кімнен көріп, үйреніп жүрсің?!» деген күдікті сауалдың тууынан қашқандықтан жиі бола бермейтіні рас. Олар өздерінің жыныстық талап-тілектері жөнінде бір-біріне айтудан тіпті қорқады да. Өйткені бірін-бірі кінәлап, тіпті ара қатынастары бұзылуы мүмкін деп ойлайды.

Бір-біріңізге төсек ләззатында көмектесуге тырысыңыздар, себебі төсек ләззатына құлаш ұру – екеудің тірлігі. Сондықтан тек қана еркек немесе әйел осы істі басынан аяғына дейін атқарып шығуы керек деп ойлау – тым қате. Сіздер бір-біріңізді қанаттандырып, құштарлықтарыңызды қоздырып, бірге қанағат табуға, құшырларыңызды қандыруға тиістісіздер…

Сіздің еріңіздің сізге төсек тоятын сыйлай алмауының бірнеше себептері болуы мүмкін. Мүмкін, бұл оның кінәсінен немесе екеуіңіздің де кінәңізден болуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де сіз ғана бұл жағдайға ықпал ете аласыз. Әйелдің «кескен томардай» серейіп жатпай, еркектің қимылдарына өзі де жауап беріп, оның аспабына қарсы өзінің асыл тұңғиығын тосып, қарсы қимылдармен көмектескені жөн. Кейбір әйелдер аяқтарын көсілтіп, өзінің кәусар бұлағына еркек ұлы мүшесін бойлата кіргізсе болды деп ойлайды. Қайталап айтамын, бөкселеріңізбен адуынды жұмыс істеп, еркектің аспабына өзіңіздің асыл тұңғиығыңызды тоса қимылдауыңыз қажет. Егер де әйел мұндай қимылдарды ұят санаса, қимылдамастан төсекте тыныш жатса, онда жыныстық қауышудың әншейін жұбайлық борыш ретінде ғана болғаны. Және ерте ме, кеш пе, еріңіздің сізбен жасалатын қауышудан тоят ала алмағандықтан, басқа жерден ләззат іздеуіне сара жолды салып беруіңіз мүмкін, тіпті ол өзге әйелге кетіп қалуы да ықтимал. Сондықтан төсекте тоят алу шеберлігін меңгере білу – ер адамның сүйіспеншілігін еселеп арттырып, оны өз жаныңызда ұстаудың бірден-бір көзі болып табылады. Сол себепті көрпе асты ойынын өзгертіп, өзіңіздің жұбайыңызды құшақтап, аяқтарыңызды айқастырып оның ырғағына қарай қимылдасаңыз, жаныңыз жай тауып, керемет ләззаттанып, рақат шыңының ұшар басына шығасыз.

«Төсек лаззаты» осылай дейді.

Мұндай дәлелді дүниеге ешкім дау айта қоймас. Қажет кітап. Расында, қуаты сыртқа теуіп тұрған еркектердің жарынан немесе сүйгенінен неге теріс айналып, өзгеге ынтық болатыны, түсінікті болды.

Әйелдің кінәсі. Егер де әйел төсекте күйеуінің ыңғайына жығылып, оның ләззат алуына, өзінің де ләззат алуына жағдай жасаса, ешқандай еркектің бөтен қатынға бармасы анық.

Сіз не дейсіз? Сіз әйеліңізден ләззат аласыз ба? Сіздер ше, әйелдер қауымы, күйеуіңізді төсекте риза етуге даярсыздар ма?

Дереккөз: Janalikhtar.net