6 маусымнан 7 маусымға қараған түні қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 KO) кәсіби алаңда екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall ойын-сауық кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) — Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жекпе-жегі андекардында қатысады. Алты раундтық кездесуде оның қарсыласы венгриялық боксшы Золтан Шабо (24-11, 10 КО) болады.
Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасынан немесе мына сілтемелердің бірінен көруге болады:
Бокс кеші Астана уақытымен сағат 22:30-да, Елеусіновпен өтетін шайқас сағат 02: 00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусинов 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өзінің кәсіби дебютін жасаған болатын - үшінші раундта ол америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
York Hall залында бүгін өтетін шайқастар:
Луи Линн (1-0, 1 КО) — Рик Старки (2-7-2, 0 КО) Шон Макголдрик (5-0, 2 КО) — Крэйг Дербишир (5-26-3, 1 КО) Дэнни Дигнум (5-0, 2 КО) — Энтони Фокс (5-10-4, 0 КО) Крэйг Ричардс (11-1, 5 КО) — Бошко Мишич (15-7, 13 КО) Данияр Елеусинов (1-0, 1 КО) — Золтан Шабо (24-11, 10 КО) Феликс Кэш (8-0, 6 КО) — Фрэнсис Тчоффо (19-14, 6 КО) Тед Чизмен (13-0, 8 КО) — Пол Аптон (15-0, 3 КО) Рис Беллотти (12-0, 11 КО) — Райан Дойл (16-2-1, 8 КО) Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) — Лоуренс Околи (8-0, 6 КО)